css templates
Mobirise

Кембридждік КЕТ емтиханы

11-14 жасқа дейінгі балаларға арналған


КЕТ емтиханы жалпы универсалды ағылшын тілінің білім деңгейін анықтайтын, General English емтихандарының бірінші блогы болып табылады. Бұл эмтихан ағылшын тілінің базалық деңгейін ( Еуропа кеңесінің шкаласы А2 деңгейі) бойынша анықталады және 3 бөлімнен тұрады:

“Reading and Writing” (1 cағат 10 минут, газеттен немесе журналдан ағылшынша мәліметті оқып, сол мәліметтің негізінде бірнеше тапсырма орындау)

“Listening” (30 минут, хабарландыру және монологты баяу қарқынмен аудио түрінде тыңдап, белгілі бір көлемдегі сұрақтарға жауап беру)

“Speaking” (8-10 минут, екі жұп арасында (серіктеспен) және екі экзаменатормен әңгіме жүргізу. Экзаменатордың бірі сізбен сөйлессе,екіншісі сіздің қабілетіңізді бағалайды.