Ағылшын тілі +

Key English Test Кембридж сертификаты

Сабақ топта немесе жеке өтеді. Аптасына 2 рет екі сабақтан (2 х 45 минут)
сағат 8.40-пен 18.00-ке дейінгі аралығында, демалыс - жексенбі күні.


Бумеранг Тренинг Центрі

*Біз 1993 жылдан бастап ағылшын тілін үйретеміз;
*Жыл сайын біздің курстарды 300-ге жуық адам өтеді;
*Ұстаздар ұжымы СertTESOL және ТКТ Cambridge English Language Assesment сертификаттарына иеленген ;
*2017 жылдан бастап біз: KET,PET,FCE Кембридждық тесттарына дайындайтын орталық болып саналамыз ;
*Оқу барысында біз "Oxford University Press" және "Pearson" баспаларының бағдарламаларын қолданамыз ;
*Компанияның білім беру лицензиясы және тіркелген сауда белгісі бар;
*Меншікті мультимедиялық сыныптар және жоғары жылдамдықты интернет; 

Оқу бағдарламалары

Біз өз жұмысымызда "Oxford University Press" және "Pearson", баспаларының бағдарламаларын қолданамыз, олар әр оқушының жасына және ағылшын тілін білу деңгейіне байланысты жеке таңдалады.
Бір деңгейге арналған бағдарламаның ұзақтығы - 1 оқу жылы.

7-8 жас

8-9 жас

9-12 жас

12-15 жас

Mobirise

Кембридждық KET эмтиханы

Жасөспірімдерге арналған 11 - 14 жыл

A2 Key (Ағылшын тілін негізгі меңгеру деңгейі), сонымен қатар Key English Test (KET) деп те аталады, негізгі деңгейдің біліктілігін анықтайды,ағылшын тілін күнделікті өмір жағдайларында пайдалану мүмкіндіктерін растайды.

KET - бұл жалпыға ортақ ағылшын тілі саласындағы білімді анықтайтын General English емтихандарының алғашқысы. Емтихан 3 бөлімнен тұрады :


«Reading and Writing» (1 сағат 10 минут, газеттер мен журналдардағы ақпаратты ағылшын тілінде оқып, соған сәйкес бірнеше тапсырмаларды орындау),

«Listening» (30 минут, баяу қарқынмен аудио жазбалар түріндегі хабарландырулар мен монологтарды тыңдап, белгілі бір сұрақтарға жауап беру),

«Speaking» (8-10 минут, жұпта әңгімелесу (серіктесімен) екі емтихан алушы, біреуі сізбен сөйлеседі, ал екіншісі сіздің қабілеттеріңізді бағалайды). 

Жиі қойылатын сұрақтар:

Әдетте, сабақтар 1 қыркүйектен басталып 31 мамырда қорытынды емтиханмен аяқталады. Сабақтардың жиілігі - тұрақты бағдарламалар үшін аптасына 2 рет және Gold Experience A2 бағдарламасында KET емтиханын тапсыратындар үшін қосымша бір сабақ. Сабақтар жұппен өтеді, бір сабақ әрқайсысы 45 минуттан тұратын екі сабақтан тұрады.

Біздің сабақтарымыздың кестесі оқушылардың қай ауысымда оқитынына қарамастан, мектептегі сабақтарын жалғастыра алатындай етіп жасалған.
1 жұп: 08.40 - 10.15
2 жұп: 10.25 - 12.00
3 жұп: 14.40 - 16.15
4 жұп: 16.25 - 18.00 

Оқытудың құны бағдарламаға және деңгейге, сабақтың санына байланысты және 1 академиялық сағатына 1000-ден 2500 теңгеге дейін.
Ағымдағы айда нақты сабаққа барғаны үшін төлем түбіртекке сәйкес төленеді. 

Компанияда курсанттарды ағылшын тілін үйренуге ынтасын арттыратын тұтас жүйе бар, атап айтқанда:
* Әр сабақта әр оқушы орындалған тапсырмалар үшін ойын пенстарын және фунттарын алады, олар жылдың соңында саналады және нақты ақшаға айналдырылады, оны келесі оқу жылында сабақтарыңызға төлей аласыз.
* Екі немесе одан да көп балалы курсанттардың ата-аналарына әр балаға ай сайын 10% жеңілдік қарастырылған.
* Егер курсант осы айда өткізілген барлық сабақтарға қатысса, ай сайынғы төлем тағы 10% төмендетіледі. 

Барлық сабақтарды ТКТ (Teaching Knowledge Test) кембридждық сертификаттарымен кәсіби білімін сәтті растаған мұғалімдер жүргізеді. Сыныптар 12 адамға арналған ,барлық оқу сыныптары мультимедиялық оқу құралдары мен бүкіл оқу процесін жазатын бейнекамералармен жабдықталған, оларды әкімшілік бақылауға алады және ай сайынғы оқу семинарларында талқыланады.

Оқыту сапасы және оның нәтижесі екі компоненттен тұрады: мұғалімнің таланты және оқушының ынтасы. Оқу сапасын кезең-кезеңімен бақылау:
- курсанттың ай сайынғы аттестациясы өтеді, оның нәтижелері (үлгерімі және қатысуы) төлем туралы түбіртекте көрсетіледі;
- жыл сайын, сабақ аяқталғаннан кейін курсанттар қорытынды аттестаттаудан өтеді, оның нәтижелері ағылшын тілінің 4 дағдысы бойынша сертификатта көрсетіледі;
- жеткілікті дайындық нәтижесінде (кемінде үш жыл) курсант Кембридж KET (Key English Test) емтиханын тапсыра алады. Еуропа Кеңесімен белгілеген халықаралық деңгей бойынша KET сертификаты A2 деңгейіне сәйкес келеді (Pre-Intermediate). 

Курстарға тіркелу:

Курстарға жазылу өте оңай,
Ол үшін оң жақтағы нысанды толтырып,
Жіберу түймесін басыңыз.


Компания менеджері сізбен бір жұмыс күні ішінде байланысып,
сабақ кестесі туралы хабарлап,барлық сұрақтарыңызға жауап береді. 

Made with ‌

HTML Website Generator